Qazaq Banki сот шешімімен келіспейді

920

Qazaq Banki сот шешімімен келіспейді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры "Qazaq Banki" АҚ-ның салымшыларына өтемақы төлеуді бастай алмай отыр, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

2018 жылғы 24 қазандағы Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық соты "Qazaq Banki" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған болатын. Сот шешімімен келіспеген банк 2018 жылғы 29 қарашада апелляциялық шағым берді.

Осыған байланысты  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры "Qazaq Banki" АҚ-да ашылған жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салымдары және шоттары бойынша өтемақы төлеуге құқығы жоқ.

ҚДКБҚ "Qazaq Banki" АҚ-ның салымшыларына өтемақыны төлеу үшін агент банкті таңдау жөніндегі барлық алдын-ала жұмысты жүргізіп те қойған.

"Берілген апелляциялық шағымды апелляциялық сатыдағы сот қанағаттандырмаған жағдайда, қор және таңдап алынған агент банк агенттік келісімді жасасуға дайын", - дейді қордан.

Қазіргі уақытта банктің 18 246 клиентіне өтемақы берілмек. Өтемақы төлемінің жалпы сомасы 20,4 миллиард теңге құрайды.

ҚДКБҚ банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге дейін сыйақы есептелетінін және егер банктік салым шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда капиталдандырылған сыйақы өтемақы сомасын есептелуіне кіретінін ескертеді. Капиталдандырылмаған сыйақы немесе кепілдік берілген сомадан жоғары сомадағы өтемақыны алуға талаптары бар салымшылар, агент банкте өтемақыны алумен қатар, депозит бойынша қалдық соманы алу үшін өз банкінің тарату комиссиясына өтініш беруге құқылы.

Айта кетсек, 2018 жылғы 27 тамызда Ұлттық банк басқармасының шешімімен "Qazaq Banki" АҚ-ны банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу