"Qazaq Banki" АҚ жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 3 200 000 дана жай акция жоспарлы түрде орналастырылғанын хабарлады. Нәтижесінде банктің жарғылық капиталы 33,3 млрд теңгеге ұлғайды. Сәйкесінше, банктің меншікті капиталы 39 млрд теңгеге өсті, деп жазады 7kun.kz.
Банктің меншікті капиталы Qazaq Banki отандық банк саласындағы орнын нығайтуға бағытталған стратегияны іске асыру аясында ұлғайтылған болатын.
"Qazaq Banki" акционерлер бұдан әрі де активтердің өсіп отыруына қарай капиталды ұлғайтып тұруға ниетті. 2017 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін біз жоспарланған өсім көрсеткіштеріне қол жеткізген жағдайда 3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге қосымша капиталдандыру жүргізіледі деп күтіп отырмыз", — деді банктің басқарма Төрағасы Ғани Тоқсанбаев.
2016 жылдың басынан бері банк активтердің көлемі бойынша нарық үлесін 1,4 пайыздан 1,7 пайызға ұлғайтып, кредиттік портфель бойынша нарық үлесі 1,5 пайыздан 2,1 пайызға, депозиттік портфель бойынша 1,5 пайыздан 1,9 пайызға өсті.
2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк активтері 428 млрд теңгені құрады. Оның ішінде кредиттік портфель 333 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 392 млрд теңгені құрады, ағымдағы жылдағы таза пайда – 1 724 млн теңге.