Qazaq fastfood BauyrdaQ тағамдарды үйге жеткізуді қолға алды

2124

Алматы қаласында енгізілген төтенше жағдайға байланысты тағамдарды үйге дейін жеткізіп беру қызметі іске қосылды.  

Qazaq fastfood BauyrdaQ тағамдарды үйге жеткізуді қолға алды

Алғашқы отандық жедел ас желісі QAZAQ FASTFOOD BauyrdaQ та денсаулыққа пайдалы, иммунитетті нығайтуға мүмкіндік беретін, тек таза, табиғи өнімдерден дайындалған тағамдарды ұсына отырып, осы жоба аясында қызмет етуде.

Азық-түлік тағамдары бірінші дәрежелі қажеттілік болып табылғандықтан, тамақтандыру орындарына карантин уақытында үлкен жауапкершілік жүктелді. Жеткізіп беру қызметін ұйымдастыруда барлық қауіпсіздік ережелері қатаң қадағаланып, асханада санитарлық нормалар толығымен сақталған. Қалыпты жағдайда қолданылатын шикізаттардың сапасын қатаң бақылауға алатын және тапсырыстарды әзірлеу мен орау кезіндегі барлық санитарлық талаптарды орындауды басты міндет деп санайтын Bauyrdaq ұжымы бүгінгі қиын жағдайда жауапкершіліктің артқанын мойындайды.

Тапсырстарды жеткізіп беруді әлемдік брендке айналған, кәсіби маманданған Glovo, Wolt, Chocofood компанияларына сеніп тапсырған. Бұл компаниялар контактісіз жеткізіп беруді ұйымдастырып берсе, төлем жасау жүйесі толығымен онлайн жүзеге асады.

Буырдақ қолжетімді бағамен, жылдам дайындалады әрі тойымды болып келеді. Карантин жағдайында көпшіліктің ақысыз еңбек демалысына кетуіне байланысты тағам бағасының қолжетімділігі маңызды фактор болып табылады, сонымен қатар тағамдардың бағасы қымбаттаған жоқ, себебі бауырдақты әзірлеуде қолданылатын негізгі шикізаттар – отандық өнімдер.

Сонымен қатар, бауырдақ өнімінің адам ағзасына пайдалы ықпалы да баршылық, зиянды қоспалар, дәмдеуіштер қолданылмайды, шетелдік фастфудтармен салыстырғанда дұрыс тамақтану ережелеріне сәйкес келеді, ағзаға керекті микроэлементтерге бай. Қойдың бауырының құрамы А және С дәрумендеріне, минералды тұздарға бай, ақуыз (74 %) және майлар, құрамында "Гепарин" атты ерекше зат бар, оның негізгі қызметі – қанның қалыпты ұйығыштығын қамтамасыз ету, бұл миокард инфарктінің алдын алуға көмектеседі.

Коронавирус дертінің бүкіл әлемде қарқынмен көбеюі денсаулыққа пайдалы тағамдарды ғана қолданып, иммунитетті нығайтуға көмектесетін жолдарды іздеуге итермелейді. Қазақтың ұлттық тағамдарының барлығы дерлік денсаулыққа пайдалы, олар негізінен үш түрге
бөлінеді:

– ақ тағамдар, яғни сүт өнімдері;

– қызыл тағамдар, бұл – ет өнімдері;

– көк тағамдар – бұл өсімдіктен жасалатын тағамдар, яғни нан тағамдары: күлше, бауырсақ, шелпек, қуырылған бидай, қоспа т.б.  

Qazaq fastfood Bauyrdaq-тан сіз қазақтың ұлттық тағамдарының 3 түрін де таба аласыз. Бауырдақтың өзі ет тағамдары мен нан өнімін біріктіреді. Бауырдақпен бірге ыстық сорпа, қымыз, шұбат, айран қоса беріледі. С

Ас – адамның арқауы. Құнарлы тамақ – денсаулықтың кепілі. Сан ғасырлар бойы елін-жерін жаудан қорғаған батырларымыз сусындаған сусындар мен тағамдарды қолдану салауатты өмір салтын ұстанып, ұрпағымыздың дені сау болуының негізі алғышарты болып табылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу