Qazaq green fest II халықаралық іскерлік фестивалі өтті

534

Елімізде баламалы энергия көздерін кәдеге жарату ісі дамып келеді.

Qazaq green fest II халықаралық іскерлік фестивалі өтті Фото: inbusiness.kz

Бурабайда жасыл энергия көздерін қолдануды дамытуға арналған Qazaq Green екінші Халықаралық іскерлік фестивалі жалауын көтерді. Салаға жауапты министрліктер мен сарапшылардың сондай-ақ, іскерлік қауымдастықтың басын қосқан шара пандемия жылдарынан кейін алғаш рет ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оған халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері де шақырылған.

Елімізде баламалы энергия көздерін кәдеге жарату ісі дамып келеді. Оған ел үкіметі ұстанған "көгалдандыру" саясаты өз септігін тигізуде. Мәселең, өткен жылы жалпы қуаты 2388 МВт болатын 130 Жасыл энергетика нысаны пайдалануға берілді. Ал, өндірісті "жасыл" бағытта дамыту бастамасы елдегі жасыл энергия көздерінің үлесін 2030 жылға дейін 10%-дан 15%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Сондай-ақ, 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданған. Мұнда 2035 жылға дейін Жаңғырталмалы қуат көздерінің болжамды теңгерімін 6 ГВт жеткізу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу