Qazaq kuresi қауымдастығының жаңа президенті тағайындалды

600

Астанада Qazaq кuresi қауымдастығы мүшелерінің отырысы өтті. 

Qazaq kuresi қауымдастығының жаңа президенті тағайындалды Фото: gov.kz

Кездесуге ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Qazaq Kuresi Қауымдастығының Бас директоры Естан Естек, облыстық федерациялардың президенттері, мемлекеттік жаттықтырушы Жеңіс Биткөзов, сондай-ақ танымал палуандар мен жаттықтырушылар қатысты.

Кездесуге онлайн форматта Италия, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан және басқа елдердің қазақ күресі федерацияларының басшылары, сондай-ақ UWW бюросының мүшесі Мария Родика Якши қатысты.

Отырыс барысында Qazaq кuresi қауымдастығының жаңа президенті таныстырылды. Бұл қызметке ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов сайланды.

Ербол Мырзабосынов - қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол Qazaq кuresi қауымдастығын құру жұмысына атсалысқан, бас директор болды. Оның тікелей басшылығымен ел аумағында және халықаралық аренада қазақ күресінің бірыңғай ережесі бекітілді. Қазақ күресі Біріккен күрес әлемінің құрамына енді. UWW қамқорлығымен алғаш рет ұлттық спорт түрінен үш жас тобы арасында әлем чемпионаты өтті.

"Қауымдастық ережелерді біріздендіру және қазақ күресін халықаралық аренада таныту бағытындағы жұмысты жалғастырады. Мемлекет басшысы бұған дейін қазақ күресі үлкен шығындарды талап етпейтін және өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын қолжетімді спорт түрінің бірі екенін атап өткен болатын. Жапония үшін дзюдо қандай болса,  Qazaq кuresi халықаралық аренада Қазақстанды танытатын брендтердің бірі болуға тиіс. Мысалы, өзбек құрашы Азия ойындарының бағдарламасына кіреді және Өзбекстанға 7 салмақ дәрежесінде медаль алуға мүмкіндік береді. Егер қазақ күресі де осындай жетістікке жетсе, ұлттық спортымыздың беделін арттыратыны сөзсіз", - деді Ербол Мырзабосынов.

Жиын қонақтары құттықтау сөз сөйлеп, қазақ күресінің халықаралық деңгейде дамуына сенім білдірді.  Ал Мария Родика Якши қазақ күресінің World Combat Games бағдарламасына – спорттық жекпе-жек және спорттық жауынгерлік өнер өкілдері арасындағы дүниежүзілік жарыстарға енгізілгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу