Ұлттық Банк "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Монеталар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.
"Қазақ күресі" – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық күресі. Қос қарсылас еп пен төзімділік танытып, өзара күш сынасады. Бұл жекпе-жектің сан ғасырлық тарихы бар. Ол қазақ мәдениетінің маңызды бөлігі әрі спорттық мұрасы саналады.
Монеталар:
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, дайындау таралымы – 2 000 (екі мың) дана;
– мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана;
– нейзильбер (МНЦ 15-20) қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 – теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.