Бүгін Qazaq Oil қызметкерлері арасында өтіп жатқан "Чемпиондар Лигасының" жеңімпаздары аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан бері үздік көрсеткіш көрсетіп, оқ бойы оза шапқан командалар марапатталды. Сонымен, республика бойынша Qazaq Oil қызметкерлерінің алды болған кімдер? Келер жылы қай жанармай құю бекетінің жұмысшылары шетел шарламақ?
Qazaq Oil-дың ұйымдастыруымен өткен тартысқа толы "Чемпиондар Лигасының" финалы аяқталып, жеңімпаздарды бас директордың өзі марапаттады. Д тобында Солтүстік Қазақстан облысынан келген ұжым жеңіске жетсе, С тобында елордалықтар үздік деп танылды. Ал Б тобындағы бірінші орын Батыс Қазақстан облысының командасына бұйырды. Сондай-ақ ең басты жүлдені Солтүстік Қазақстан облысының қызметкерлері ұтып алды. Қатарының алды болған жеңімпаздардың қуанышында шек жоқ. Өйткені командадағы қызметкерлердің ешқайсысы бұған дейін шетелге шығып көрмепті. Тіпті арасында Астанаға алғаш келгендері де бар екен.
"Біздің Т-052 бекеті жол жиегіндегі Келлеровка ауылында орналасқан. Келушілерімізге барынша сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. Жұмысымызды жақсы көреміз. Бүгінгі жетістігіміз сол еңбегіміздің нәтижесі деп ойлаймын. Әріптестеріміз бен туған-туысымызға хабарласып, ақжолтай жаңалықты айтып үлгердік. Командадағы ешқайсымыз бұған дейін шетелге шығып көрмеппіз. Бұл біздің бірінші саяхатымыз болмақ. Qazaq Oil секілді осындай үлкен тарту жасау кез келген компанияның қолынан келе бермейді дегім келеді", - деді Т-052 жанармай құю станциясының менеджері Любовь Верчинская.
Qazaq Oil компаниясының директоры жарысты барынша әділ ұйымдастырдық дейді. Қатысушылардың төрт топқа бөліну себебі де сол. Мұндағы мақсат Qazaq Oil-дың жанармай құю бекеттерінің қызмет көрсету сапасын жақсартып, қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттыру.
"Кейбір мекендер қаланың сыртында жайғасады. Кейбір мекемелер қалада жайғасады. Сол себепті олардың көрсеткіші әртүрлі болуы мүмкін. Сол себептен әділдік болсын деп. 4 лига ұсындық. Осы жылды аяқтап, келесі жылдың басында болама, көктемде бола ма жеңімпаздарды Египетке жібереміз. 10-12 адам. Бәрі тұтас қатысады бір жанармай бекетінің ұжымы. Сол себептен өте жақсы сыйлық деп ойлаймын, өте жақсы үстеме біздің жұмысшыларға", - дейді Qazaq Oil компаниясының Бас директоры Төлеміс Шотанов.
Айта кетейік, Qazaq Oil жеңіске жеткен өзге лигадағы командаларға шипажайға тегін жолдама, 2 млн теңге көлемінде тауар сатып алуға сертификат және ақшалай сый-сияпат дайындаған. Ал, А тобының чемпиондары келер жылдың басында бір топ әріптестерімен бірге Мысыр елінде саяхаттамақ. Жарысқа қатысқан командалардың жолақы шығыны мен қонақ үйі компания есебінен төленді.