Qazaq Oil цифрлық жүйесін іске қосты

427

Qazaq oil компаниясының цифрлық жүйесі іске қосылды. 

Qazaq Oil цифрлық жүйесін іске қосты

Яғни, еліміздегі 350 жанармай бекеттері туралы ақпарат бір жерге түсіп отырады. Және ондағы жағдайлар бейнекамераларға таспаланады. Орталық кеңседегі байланыс операторлары жанармай станцияларында олқылық шықса, дереу хабар береді.

Qazaq oil жаңашылдықты жат көрмейді. Осы жолы елдегі 350  жанармай бекеттерін бақылайтын цифрлық жүйесін іске қосты. Сайтта бензин қоймаларында қанша қор қалғаны туралы ақпарат, әрі тасымалдаушы жүк көліктері қай жерде екендігі көрсетіледі. 

"Қазіргі таңда қандай ақпарат болып жатыр.Не болып жатыр? Біздің сату көрсеткіштері қалай болып жатыр? Қоймадағы жағдай қалай? Қанша қалды? Соның барлығын бір-екі минутта бүкіл информация осында келеді. Біз көріп отырамыз. Ол не үшін керек. Ең бірінші жеделдік көрсеткішті көтереді. Өте тез шешім қабылданады. Біздің мақсат тұтынушылар олар білу керек алып жатқан жанармай өте жоғарғы сапалы екенін.Ешқандай қоспа жоқ екенін.Соның бәрін біз осы жақтан бақылап отырамыз", дейді "Qazaq oil"  бас директоры Төлеміс Шотанов.

Бұл сапа мен  жұмысты ширату  үшін жасалыпты. Осыған дейін бекеттерде олқылықтар болса, оны менеджер хаттама толтырып, орталық кеңсе мақұлдағанан кейін ғана түзетілетін. Енді қызмет көрсеткіші бір жүйеге қойылды. Сайт  сондай-ақ адами факторлардың әсерін азайтады.

"Қазір бәрі компьютерді бір басқанда осында бәрін шығарып тұр. Бізде бензавоздардың барлығы GPS трэккер дейді соның бәрі орнатылған. Заправкаларда және айтып кеттік қандай өзгерістер енгізілді.Нефтебазада сондай шаралар іске асырылды. Соның бәрі бізге ең біріншіден анық ақпарат береді", дейді "Qazaq oil"  бас директоры Төлеміс Шотанов.

Портал 2-жыл бойы құрастырылыпты. Мұнда қазір 11 білікті маман жұмыс істейді. Кез-келген цифрлық технология адам жұмысын жеделдету үшін қолға алынатынын ескерсек, Qazaq oil компаниясы бұл жаңашылық  одан әрі жетілуге серпін беретініне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу