"Біздің жоспарымызды, проектімізді қолдады. "Қазақойл" бренді өздеріңізге жаңағыдай таныс, бұл- бүкіл Қазақстан бойынша танымал бренд. Және мына жолаушыларға, жүргзушілерге өте ыңғайлы, бұл жерде барлық жағдай қарастырылған", деді жеке кәсіпкер Алмат Борантаев.
Кәсіпкерлердің сөзінше, "Qazaq Oil" франшизасының артықшылығы көп. Біріншіден, танымал бренд. Әрі кәсіпкер мұнай өнімдерін қайдан алам, шағын маркетті немен толтырам деп бас қатырмайды. Себебі, компания қызметкерлерді таңдау, бизнес процесті жүргізу, мұнай өнімдерін есепке алу, кәсіпті жүргізу сияқты маңызды шаруаның бәрін өзі қолға алып, жолға қойып береді. Әрі түскен пайданың көп бөлігі кәсіпкерде қалады.
"Біздің компания франшизаны былтырдан бастап ұсына бастады. Бұған көп бизнесмен қызықты. Біз бүгін Маржанбұлақ ауылында осы франшизамен ашылған 10-шы жанармай құю бекетін ашып отырмыз. Әдетте біздің атаумен жанармай станциясын ашқысы келетіндер бізге келгенде аты көпке таныс емес нысаннан гөрі брендпен жұмыс істегісі келетінін айтады. Өйткені, бізде жұмыс өте жақсы жолға қойылған, командалық ұйымшылдық бар. Ұсыныс түскен жерге мамандар барып, зерделеп, содан кейін шешім шығарады", деді "Qazaq oil" компаниясының PR-директоры Әсел Әлімханова.
Жол бойындағы жанармай құю бекеттері заманауи жабдықталған. Жолаушыға да, жүргізушіге де өте ыңғайлы. Техникалық мүмкіндіктерінен басқа, бекеттегі шағын дүкендердегі тауардың 85 пайызы отандық өнім. Қазір Ақтөбе облысының өзінде "Qazaq Oil"-дың екі стансасы жұмыс жасап тұр. Алдағы уақытта ел аумағында тағы бірнешеуін ашу жоспарда бар.