Qazaq Оil компаниясы алғаш рет жүгіруден жарыс өткізді

505

Астанада Qazaq Oil компаниясының ұйытқы болуымен спорттық марафон өтті.

Qazaq Оil компаниясы алғаш рет жүгіруден жарыс өткізді Фото: Qazaq Оil

Жанармай құю бекеттер желісі алғаш рет ұйымдастырған шараға компанияның 50 қызметкері қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген марафоншылар  орталық саябақтың бойымен  10 шақырым жүгіріп өтті.

Марафоншылар жарысты  ең бірінші жаттықтырушының нұсқауымен дене қыздыру жаттығуынан бастады. Бұл алыс қашықтыққа жүгіру  кезінде жарақат алып қалмаудан сақтандырады. Ал, күнделікті жүгірумен айналысатын қызметкерлер үшін бұл әдеттегі жағдай.

"Мектеп кезімнен, студент кезімнен осы спортпен айналысамын. Жұмысқа орналасқаннан кейін де жалғастырып жатырмыз. Басты мақсат - филиалдар арасында достықты нығайту, достармен әріптестермен танысу, және ең басты мақсат салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осындай жарыс-жиын ұйымдастырып жатқан басшыларымызға алғыс білдіреміз", - дейді марафоншы Сайлаубек Балмұханов.

Qazaq Oil ұйымдастырған шараға компанияның әр филиалынан 3 қызметкерден шақыртылған. Сондай-ақ, орталық аппараттан 17 адам қатысуда. Олар орталық саябақтан сызылған маршрут бойымен 10 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс.

"Біздің жұмыскерлер күнделікті өндірісте жұмыс жасайды. Сондықтан да оларға осындай рух беріп, біз спорттық сайыстар ұйымдастырып жатырмыз. Жұмысшыларымыздан бөлек Қазақстанда болып жатқан әр-түрлі сайыстарға да қатысып, өз көмегімізді беріп жатырмыз әрдайым", - дейді Qazaq oil компаниясының HR менеджері Әсем Смағзанова.

Марафонға дейін әр өңірдегі филиалдарда іріктеу турлары өтті. Өзгелерден оқ бойы озып шыққандар бүгінгі марафонға жолдама алған.  Бүгінгі жарыста бірінші орынды Қарағанды қаласынан келген көпбалалы әке - Болат Абдулғазинов жеңіп алды. Ал, екінші орын Әлібек Умаровқа бұйырса, Шығыстық филиалдың қызметкері Руслан Алмасұлы жарыс жолын үшінші орынмен аяқтады. Жеңіске жеткен спортшылар компания атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу