Qazaq Oil компаниясы жаңа жылға орай "100 зал 100 ауылға" бағдарламасын бастады

366

Qazaq Oil компаниясы алғашқы жаңа жылдық тартуын Ақмола облысындағы Шортанды ауылына жасады.

Qazaq Oil компаниясы жаңа жылға орай "100 зал 100 ауылға" бағдарламасын бастады Фото: Inbusiness.kz

Qazaq Oil компаниясы еліміздің барлық өңіріндегі мектептерге жаңа жылға орай тарту жасауда. Қазақстандағы ең ірі жанармай құю станциясы бүгін "100 зал 100 ауылға" бағдарламасын бастады. Атап айтқанда елді-мекендердегі ағарту ошақтарына үстел теннисін тегін таратуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 

Жобаның басты мақсаты балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын сақтауға баулу. 

Qazaq Oil компаниясы алғашқы жаңа жылдық тартуын Ақмола облысындағы Шортанды ауылына жасады. №2-ші орта мектептің балалары ағарту ошағында тек білім алумен шектеліп жатқан жоқ. 600-ге жуық оқушысы бар білім ордасында облыстық, республикалық спорт сайыстарында топ жарып жүрген жасөпірімдер жетерлік. Атап айтқанда балалар волейбол, баскетбол және бокспен шынығып жүр. Талабы таудай шәкірттер шаршы алаңда спорт шебері атанып, велосипед спортынан Қазақстан чемпионы атанып үлгеріпті. Мектеп директоры енді білім алушылар үстел теннисіне де ден қояды деген сенімде. 

"Жаңа жылға тарту жасаған Qazaq Oil компаниясына ұжым атынан алғыс айтқым келеді. Біздің балалар спорттың түр түрінен чемпион атанып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жасөспірімдер саламатты өмір салтын сақтап, спортты серік етуі үшін қолайлы жағдай жасауға тырысудамыз. Қазір мектеп ішінде бірнеше үйірме жұмыс істеп тұр. Ал дәл бүгінгі тарту етілген сыйлықтан кейін оқушыларымыздың үстел теннисіне деген қызығушылығы артады деген ойдамын", - дейді Шортанды №2 орта мектебінің директоры Дәулет Жаппаров. 

Qazaq Oil компаниясы "100 зал 100 ауылға" бағдарламасымен Қазақстанның барлық облысын қамтымақ. Жаңа жылға орай басталған жоба қаңтар айында аяқталады деп күтілуде. Қажетті құралдармен толық қамтылған үстел теннисін Ресейден арнайы тапсырыспен алдырыпты. Сондай-ақ бұл компанияның жаңа жылға орай ұйымдастырған жалғыз жобасы емес. Спорт саласынан бөлек әлеуметтік жобаларды да қамтып жатыр. 

"Бұл жоба Qazaq Oil компаниясының жаңа жылға қарсы бастаған бастамасы болып саналады. "100 зал 100 ауылға жобасы" ауыл мектебінде оқитын, білім алатын оқушыларға жаңа жылға сыйлық десе де болады. Ең бастысы олардың потенциалын арттырып, болашақта спортпен айналысуға, осы үстел теннисімен айналысып, Қазақстанды халықаралық аренада көрсетуге, мотивация болады деген сенімдеміз және осындай жобалар әрі қарай көп болса деп тілейміз", - дейді Qazaq Oil компаниясы маркетинг бөлімінің бас менеджері Нұрсила Күншығарова.

Үстел теннисі жылдамдық пен ептілікті талап ететін әлемде кең тараған бірден-бір спорт түрі. Бұл ойынды аса шапшаң шахмат деп те бекер айтпайды. Себебі бұл спорт тактикалық стратегияны дамытып, адамның ойлау қабілетін арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу