Qazaq oil дың ұжымдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "чемпиондар лигасында" Жаңаөзендегі жанармай құю бекеті үздіктердің бірі атанды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Ұжым арасындағы татулықты күшейтіп, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "Чемпиондар лигасы" өтіп жатыр. Осыған дейін бірнеше кезеңді артқа тастаған командалар, финалдық сында үздіктерді анықтады. Оның ішінде Жаңаөзен қаласындағы филиал ұжымы бар.
"Биылдан бастап лига чемпионов деген кезең басталды, соның екінші кезеңінде Жаңаөзен қаласындаығ заправка бірінші орынға ие болды. Келесі кезеңде де осындай нәтижеге жетеміз деп ойлаймыз. Келесі кезеңде сыйлықтар коллективпен шетелге демалыс беріп жатыр", дейді "Qazaq Oil" серіктесі Ғалымжан Бектұрсынов.
Айта кетсек, суперфиналда үздік деп танылған ұжым шетелге демалысқа жодама алады. Ал екінші орынды қанжығасына байлаған топ ел аумағындағы демалыс орындарына барады. Қола жүлде иеленген топқа 2 миллион теңгелік сертификат табысталмақ. Суперфиналда қызметкерлердің сатып алушылармен қарым-қатынасы, жанар-жағармай мен халық тұтынатын тауарларды мейлінше көбірек сатуы сараланады.
"Қуанышымызда шек жоқ. Өйткені мұндай біз үшін үлкен жетістік. Күнделікті жұмысымызға келеміз, жұмысымызды жасаймыз және осы жұмысымыздың жақсы еленуі алға қарай бізге тек қанан күш жігер береді", дейді БҚО "Qazaq Oil" филиалының кассирі Әсел Аманкелді.
3 мыңнан астам қатысушыны қамтыған лигаға IT мамандар арнайы бағдарлама да әзірлеген. Мұндай ауқымды шараның ұйымдастырылуына 2020 жылы ҚазМұнайГаздың ҚазақОйл атауына жасалған ребрендиңгі сеп. Қазақойл басшылығы тек атауды емес, ұжымның тиімді жұмыс істеуіне де баса назар аударып келеді
Енді жаңаөзендік ұжым суперфиналға қызу дайындық жүргізбек.