Qazaq oil қызметкерлері арасында "Чемпиондар лигасының" финалы басталды

282

Қазақстанның әр өңірінен келген жанармай құю станцияларының жұмысшылары алдағы 3 күн бойы сайысқа түседі.

Qazaq oil қызметкерлері арасында "Чемпиондар лигасының" финалы басталды Фото: Inbusiness.kz

Астанада Qazaq Oil қызметкерлерінің арасында дәстүрге айналған "Чемпиондар Лигасы" конкурсы басталды. Қазақстанның әр өңірінен келген жанармай құю станцияларының жұмысшылары алдағы 3 күн бойы сайысқа түседі. 5 кезеңнен тұратын жарыста жеңімпаз атанған қатысушыларға шетелге жолдама, қаржылай сый-сияпаттар мен шипажайға тегін сертификат табысталатын болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Qazaq Oil қызмет көрсету сапасын жақсартып, жұмысшыларын жақсы нәтиже көрсетуге ынталандыру мақсатында өткізіп отырған сайыстың бүгін бірінші күні. 39 қызметкерден құралған 12 команда тыңғылықты дайындалған. Әр топтағы 4 қатысушы кассир, менеджер, оператор, сауда үйінің менеджерлері арасында өзара бақтарын сынайды. Қызметкерлердің сайысқа деген қызығушылығы артып, жарыс жылдан жылға тартысты болып келеді, дейді ұйымдастырушылар.

"А B және C D  лига мүшелері өзара сайысқа туседі. А тобының ішінен жеңіске жеткен жүлдегерлерге шетелге жолдама беріледі. Ал Б тобының жүлдегерлері Бурабайдағы шипажайдың бірінде демалу мүмкіндігіне ие болады. С тобында үздік деп танылған қатысушыларға 2 млн теңге көлемінде тұрмыстық техника сатып алуға болатын сертификат табысталмақ. Сондай-ақ Д тобының жеңімпаздарына да қаржылай сыйлық беріледі", - деді Qazaq Oil HR-директоры Анвар Бекназаров.

Еліміздің әр облысынан жиналған жұмысшыларға жан-жақты жағдай жасалған. Олардың жолақы шығыны, қонақ үйі мен тамақтануы Qazaq Oil есебінен қарастырылды. Сұрақ-жауаптан тұратын бірінші кезеңнен іркілмей өткендердің бірі  Индира Молдашева. Ол Астанаға Ақтөбе облысынан арнайы келіпті. Осындай жарыстардың жиі ұйымдастырылуы бізге жігер береді, дейді.

"Жұмысымыз бойынша қалай біз план, тауарларымызды қалай жинаймыз, қалай көрсеткіш жасаймыз сол бойынша. Үшіншісі дайын тағамдарды, сөрені қалай жасаймыз, жиналуы, сақталуы, қалай оны есептен шығаруға жібереміз. Төртіншісі хот-догтарды қалай тез әрі сапалы түрде дайындау. Мен бірінші орын аламын деген сенімдемін", - дейді  Сауда залының менеджері Индира Молдаешва.

Чемпиондар Лигасының ең қызықты кезеңдерінің бірі осы. Жолаушыларға арналған фаст-фудты тез дайындап қана қоймай, дәмді етіп әзірлеу. Ал 5-ші кезең қауіпсіздік талаптары бойынша өтеді. Қызметкерлер жанармай құю бекеттерінде төтенше жағдай бола қалса, бірінші кезекте қандай іс-әрекетке көшуі керектігін білуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу