Qazaq Oil Маңғыстау облысындағы сұйытылған газ жағдайы туралы мәлімдеме жасады

1610

Компанияның хабарлауынша, Qazaq Oil ЖМҚС және ҚазМұнайГаз желілері өңірде ұзақ уақыт бойы сұйытылған газды Маңғыстау облысындағы ең төмен бағада сатқан. 

Qazaq Oil Маңғыстау облысындағы сұйытылған газ жағдайы туралы мәлімдеме жасады

Компанияның хабарлауынша, Qazaq Oil ЖМҚС және ҚазМұнайГаз желілері өңірде ұзақ уақыт бойы сұйытылған газды Маңғыстау облысындағы ең төмен бағада сатқан. 

Қаңтардың алғашқы күндерінде сыртқы факторларға байланысты өңірде болған сұйытылған газ бағасы көтерілгеннен кейін де Qazaq Oil ЖМҚС желісіндегі отын құны Жаңаөзенде 65 теңге, облыстың қалған қалаларында 79 теңге деңгейінде. 

Сұйытылған газға сұраныстың күрт өсуіне қарамастан, Qazaq Oil белгіленген баға шеңберінде газды талондар мен отын карталары бойынша сата отырып, корпоративтік клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін толық орындауға міндеттенеді. 

Қосымша отын қоры жеткізілгеннен кейін, яғни 10-12 қаңтардан кейін сұйытылған газ Энергетика министрлігі белгілеген 85-90 теңге шамасында шектеусіз беріледі.

Қазіргі жағдайда компания Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың барлық тұтынушыларын тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету үшін бар күшін салады.

Маңғыстау облысында сұйытылған газға байланысты қалыптасқан жағдай міндеттемелер шеңберінде жүзеге асырылады. Жеткізілімдер келісімдерге сәйкес жүргізіліп, қосымша отын жөнелтілді.

Құрметті журналистер, негізгі ойды контекстен алып тастамауды сұраймыз. Qazaq Oil ЖМҚС-да мүмкін болатын лимит туралы ақпарат тек газға сұраныстың күрт өсу ықтималдығымен байланысты болды

Қазіргі уақытта қолда бар көлем шектеусіз сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу