Бұл хабарландырудың Qazaq Oil-ге ешқандай қатысы жоқ, оның барлығы алаяқтар ісі, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Компания Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таратылатын жарнама жалған, алаяқтардың қитұрқы әрекеті.
Алаяқтардың Qazaq Oil атын жамылып, компания беделіне нұқсан келтіру әрекеттері бірінші рет емес.
Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Компанияның қызметі туралы ақпарат тек www.qazaqoil.kz ресми сайтында не компанияның әлеуметтік желілер беттерінде жарияланатынын еске саламыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу