Qazaq Oil Ұлттық паралимпиада комитетін қолдады

3778

Қазақстандағы ең ірі ЖМҚС желісі еліміздің ең танымал спорт командасына қолдау көрсетеді.

Qazaq Oil Ұлттық паралимпиада комитетін қолдады

Qazaq Oil ЖМҚС желісі мен паралимпиада комитеті ынтымақтастық туралы келісім жасасты, оның шеңберінде компания комитеттің өзінің спорттық нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның барлық ауқымды инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетеді.

Спортта көптеген аспектілер маңызды: тұрақты жаттығулар, дұрыс тамақтану, күн тәртібі, спорттық жабдықтар, спортшының жабдықтары және әрине, А нүктесінен В нүктесіне дейінгі көлік құралының қозғалысы.

Әр қадам сенімділігі – жеңіске әкеледі. Ал спортшының барлық жерге үлгеруі үшін Qazaq Oil компаниясы паралимпиадалық қозғалысты қолдады, енді бізден жанармайды сатып ала отырып, әрқайсысымыз паралимпиадашыларымызға Бейжіңде лайықты өнер көрсетуге көмектесеміз.

Айта кетейік, Beijing-2022 XIII Қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылдың 4-13 наурыз аралығында өтеді, оған әлемнің 50 елінен 700-ден астам спортшы қатысады. Ұлттық паралимпиада құрамасының құрамына 5 спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Қазақстанның паралимпиадашылары спорттың екі түрі бойынша өнер көрсетеді (шаңғы жарысы және биатлон).

Паралимпиадалық қозғалыс спортшыларының, өз саласында Qazaq Oil сияқты әлемдік аренадағы жетістіктерге ұмтылысы біздің мүдделерімізді біріктірді.

Сонымен бірге талпынайық!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу