Qazaq Oil жанармайы сапаға сай ма?

475

Qazaq oil жанармай бекеттеріндегі автомобиль отыны сапаға сай ма? Бұл сұрақ көпшілікті толғандыратыны белгілі.

Qazaq Oil жанармайы сапаға сай ма? Фото: Qazaq Оil

Бүгін Алматыдағы стансалардың бірінен арнайы мамандар сынама алып, зертханада тексерді. Компания өкілдерінің айтуларынша, жанармайды бірнеше түрлі әдіспен тексереді екен. Нәтижесі қандай болды? Көлік жүргізушілерінің Qazaq Оil жанармайына көңілдері тола ма? 

Qazaq Оil жанармайлары зауыттан шығып, тұтынушыларға жеткенше бірнеше рет сараптамадан өтеді. Оның ең алғашқысы вагондарда алынады, одан кейін сақтау қоймаларында, содан соң жанармай стансасына келгендегі жүк көлігінен және стансаның резервуардағы отын кемі айына бір рет зертханаға жөнелтіледі. Соның біріне бүгін кәу болдық. Барлығы нормативке сай. Арнайы мамандар жанармайды цистернаның жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөлігінен алды. 

"Біздің орталықтандырылған аппараттың бекіткен кестесіне сай, бір айда бір рет барлық сатнсадан сынама алып тұрамыз. Оны зертханада арнайы құрылғыда тығыздығын тексеріледі. Одан кейін, бензиннің фракциялық құрамы және ең соңғысы октан саны арнайы формуламен есептеліп шығарылады", – дейді "PETRORETAIL" ЖШС филиалының директоры Ғалия Медетбаева. 

Айтпақшы, Qazaq Oil өткен айдан бастап АИ-95-тің жаңа түрін, яғни "Тұлпар" брендін тұтынушыларға ұсынды. Cапалы отын TotalEnergies әлемдік өндірушінің премиум қосындысы негізінде жасалған. Компания өкілдерінің сөзінше, бұл жаңа өнімнің артықшылығы көліктің қуаттылығы арттырып, экологияға келтіретін зиянды шығындыларды азайтады. Мұны көлік жүргізушілері де жасырмады. 

"Qazaq Оil алдамайды. 5 мың теңгеге құйсаң жақсы жүріп береді.Бензиннің сапасы жақсы. Моторда ешқандай олқылық білінбейді. Өзін жақсы көрсетеді", – дейді қала тұрғыны.

Зертханадағы сынама оң нәтижесін берді. Айта кету керек, жыл басынан бері Qazaq Оil жанармайына қатысты бірде бір шағым түспеген. Егер көлік жүргізушісі жанармайдың сапасына күмән келтірсе, кез-келген стансадағы арнайы журналға өтініш жазуына болады. Сол мезетте бензин тексеріліп, зерттеу қортындысы тұтынушыға беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу