"QazaqGaz" Ұлттық компаниясы 2025 жылы IPO-ға шығуға дайын деп мәлімдеді компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Алматыда өтіп жатқан KIOGE 2022 конференциясында.
"Біз 2025 жылы IPO-ға шығуға дайындалып жатырмыз. Ресми листинг жүргіземіз және әрине, бұл компанияны басқару тиімділігін арттыру үшін кешенді дайындық жұмыстарын қамтиды", – деді Жаркешов халықаралық конференцияның пленарлық отырысында.
Сонымен қатар ол "QazaqGaz барлау және өндіру" кәсіпорнын құруды жоспарлап отырғанын хабарлады.
“QazaqGaz барлау және өндіру” деп аталатын жаңа кәсіпорын құрып жатырмыз. “Амангелді” кен орнының базасында жаңа активтерді портфельге айналдырамыз деп сенемін. Активтеріміздің көлемін ұлғайту үшін күш-жігерімізді еселейміз", - деді Санжар Жаркешов.