QazaqGaz әзербайжандық компаниямен меморандумға қол қойды

641

Сәрсенбіде QazaqGaz ұлттық компаниясы мен SOCAR (Әзербайжанның мұнай компаниясы) меморандумға қол қойды. Мұны SOCAR компаниясынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

QazaqGaz әзербайжандық компаниямен меморандумға қол қойды

Құжат Қазақстандағы көмірсутегі кен орындарын барлау мен игеруді, газ-химия саласын дамытуды, газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды, осы салада инновациялық технологияларды қолдануды және басқа да маңызды бағыттар бойынша мүмкіндіктерді зерделеуді көздейді.

Айта кетейік, сәрсенбіде SOCAR президенті Равшан Наджаф пен QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов бастаған делегациялар кездескен. Хабарламаға сенсек, жоспарланған жобаларды іске асыру мақсатында жұмыс топтарын құру керегі айтылған. Өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер туралы пікір алмасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу