"QazaqGaz алдағы уақытта газды өңдеу саласындағы жұмысын арттырады. Мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын солай пайдаланғымыз келеді. Сонымен қатар ресуртық базаны кеңейту мақсатында ұлттық оператор мүдделі мемлекеттік органдармен бірге ынлатандыру шараларын ұсынып отыр. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушыларға фискалды жеңілдіктер қарастыру. Қарапайым сөзбен айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылар былай дейді: "бізге жақсы баға берсең – газ болады" дейді. Себебі қазіргі газдың бағасы газ өндірісін ынталандырмайды. Ешкім газды артық өндіргісі келмейді", – деді Санжар Жаркешов.
Оның айтуына қарағанда, ішкі нарықтағы газдың арзан әрі "шығынға батыратын" бағасы оны белгілеуде әлеуметтік әділ бағаны қалыптастыру үшін заңнамаға кешенді ұсыныстарды енгізуге мәжбүрлеген.
Тасқын Болатұлы