Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр. Қазақстан делегациясын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастап барды.
Форумда Якутия, Томск және Новгород облыстарының басшыларымен, сондай - ақ Ресей Федерациясының негізгі салалық компаниялары – "Росатом", "Газпром" және "ИнтерРАО" компанияларымен кездесулер өткізілді.
"Газпром" Басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесуде "Газпром" мен "QazaqGaz" арасында Өзбекстан тұтынушылары үшін ресейлік табиғи газды тасымалдау туралы шартқа қол қойылды.
Сондай-ақ газды жеткізу, өңдеу және тасымалдау саласындағы ынтымақтастық талқыланды.
Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері ПХЭФ барысында 2033 жылдың соңына дейін 10 млн тоннаға дейінгі көлемдерді ұлғайта отырып, Ресей мұнайының транзиті бойынша үкіметаралық уағдаластықтарды ұзартты.
"Интер РАО" ЖАҚ-пен кездесуде тараптар электр энергиясын жеткізу, көмір станцияларын жаңғырту бойынша ынтымақтастық әлеуетін талқылады.