QazaqGaz газдың ресурстық базасын ұлғайтпақ

754

Бұл мақсатта 10 жаңа жобаны іске қосуға ниеттеніп отыр. 

QazaqGaz газдың ресурстық базасын ұлғайтпақ Фото: tengrinews.kz

QazaqGaz Ұлттық компаниясы газдың ресурстық базасын ұлғайтып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыс аясында "Амангелді Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта құрып, барлау және өндіру бойынша жаңа бөлімше ашты. Бұл туралы Ұлттық компания  баспасөз қызметіне сілтеме жасап, inbusiness.kz хабарлайды.

"Амангелді Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  “QazaqGaz Барлау және өндіру” ЖШС  QazaqGaz компаниясының еншілес ұйымы ретінде қайта құрылды. QazaqGaz Ұлттық компаниясы "Амангелді Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта құру арқылы бұл туралы ұлттық компанияның басқарма төрағасы  Санжар Жаркешов хабарлады. Компания ел аумағында газдың ресурстық базасын ұлғайту жолында жұмыс істейтін болады. Ұлттық компанияның басқарма төрағасы  Санжар Жаркешов "QazaqGaz" геологиялық барлау активтерін арттыра беретінін мәлімдеді. "Жер қойнауын пайдалану бойынша артықшылығымызды пайдаланып, 10 жаңа жобаны портфелімізге қосамыз деген жоспар бар.  Жаңа жобаларды осы бөлімшенің "Барлау және өндіру" құрылымына жинаймыз", – деді Санжар Жаркешов.

Ұлттық компания басшысының айтуынша қазіргі таңда газ саласы инвестициялар үшін тиімді. Сондықтан ол компанияларды елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу