QazaqGaz келесі аптада Астанадағы бірнеше тұрғын үй кешеніне газ берілетінін мәлімдеді

274

Жеке инвестор тұрғындармен келісімшарт жасасқан соң газды бере бастайды.

QazaqGaz келесі аптада Астанадағы бірнеше тұрғын үй кешеніне газ берілетінін мәлімдеді Фото: Inbusiness.kz

QazaqGaz орталық газды Қабанбай батыр көшесіндегі дистрибьюторға жеткізеді, ал сол маңдағы "Family Town", "Будапешт", "Курчевель" және "Cosmic City" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары жеке инвестормен келісім жасасқан соң "көгілдір отынға" ие болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Осылайша Астана әуежайы маңындағы төрт тұрғын үй кешені орталық газға қосылады, деп жазды bes.media.

Көгілдір отын Қабанбай батыр даңғылы бойындағы газ желілері арқылы берілмек. Family Town", "Budapest", "Courchevel" және "Cosmic City" тұрғын үй кешендеріне газ келесі аптада Qazaq Zhuly жеке инвесторы тұрғындармен келісімшарт жасасқан соң бере бастайды, деп түсіндірді QazaqGaz компаниясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу