QAZAQSTAN RESPUBLIKASYNYŊ KUBOGI: Алғаш рет кибертурнир тікелей эфирде көрсетіледі

839

Қазақстанның ең мықты деген киберойыншылары QAZAQSTAN RESPUBLIKASYNYŊ KUBOGI үшін тартысқа түседі. Турнир биылғы жылы бірінші рет офлайн форматта, әрі тұңғыш тікелей эфирде, яғни Atameken Business арнасында көрсетіледі.

QAZAQSTAN RESPUBLIKASYNYŊ KUBOGI: Алғаш рет кибертурнир тікелей эфирде көрсетіледі

Сайыстың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге. Кубок иесі спорттық дәрежеге ие болады.

Чемпионат 4 бағдарлама бойынша жүреді. Олар: eFootball PES 21, Counter-Strike: Global Offensive, Dota 2 және FIFA 21. Бұл ұлттық деңгейдегі спорт біріншіліктерінің бірыңғай күнтізбесіне кіретін Қазақстандағы ең ірі турнир.

Сайстың басты ұйымдастырушы – Qazaq Cybersport Federation платформасы. Өтетін орны – Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы.

Пандемия жағдайына байланысты турнирге көрермендер кіргізілмейді. Есесіне, тікелей трансляциясын Atameken Business арнасында көруге мүмкіндік бар. 25 сәуірде, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін арна қосулы болсын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу