"QazAvtoJol" жол бойындағы сервис нысанының жобасын таныстырды

1385

"А" санатындағы жол бойындағы сервис нысанының сынамалы жобасын Қарағанды облысының Осакаров ауданында жүзеге асыру көзделген.

"QazAvtoJol" жол бойындағы сервис нысанының жобасын таныстырды

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ қызметкерлері Қарағанды облысының Осақаров ауданында жергілікті әкімдікпен бірлесе салынатын "А" санатындағы жол бойындағы сервис нысанының сынамалы жобасын таныстырды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бұл ауданда кәсіпкерге 11 жер учаскесі аукцион әдісі арқылы сатылған. Жоспар бойынша аталмыш кәсіпкерлер ауқымы 5,8 га жерде кемпинг, қонақ үй, сауда орындарын, техникалық қызмет көрсету стансасын, автокөліктерді жуу орындарын, заманауи дәретханаларды, жеңіл және жүк автокөліктеріне арналған тұрақтарды салуы керек.   

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ қызметкерлері батыс өңіріне жұмыс сапары барысында Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдігі, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерімен, сонымен қатар "Атамекен" ҰКП-ның жергілікті өкілдерімен жиын өткізді.

Кездесулерде жол бойындағы сервис нысандарын дамыту, оларды Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестендіру, жол бойындағы кешендерге жер бөлу және қажетті коммуникацияларды өткізу мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу