"Qazcontent" АҚ Басқарма төрағасы болып Бекзат Жүсіп тағайындалды

580

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің бұйрығымен Жүсіпов Бекзат Бақбергенұлы "Qazcontent" мемлекеттік ақпараттық агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Qazcontent" АҚ Басқарма төрағасы болып Бекзат Жүсіп тағайындалды Фото: facebook/darhan.hidirali

Ұжымға жаңа басшыны министр Дархан Қыдырәлі өзі таныстырды. 

 

Бекзат Бақбергенұлы 1989 жылы Маңғыстау облысында туған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін тәмамдады. ҚазХҚжС университетінің экономика магистрі. "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Шығыс Англия Университеті "Медиа, Мәдениет және Қоғам" магистрі (Ұлыбритания).

Еңбек жолын 2006 жылы "West" радиостанциясының жаңалықтар қызметінде редактор-жүргізушіліктен бастаған (Ақтау қаласы). 2007-2008 жылдары – "Қазақстан" РТРК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор-жүргізуші; 2008-2009 жылдары – "Алматы" телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында редактор-жүргізуші (Алматы); 2009-2012 жылдары – "КТК" телеарнасында жаңалықтар қызметінің редакторы (Алматы, Астана); 2012-2013 жылдары – "Хабар" телеарнасының ақпараттық-сараптама дирекциясында бөлім продюсері, редактор-жүргізуші (Астана); 2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы; 2019-2021 жылдары – "Қазақстан" РТРК" АҚ МОФ - "Маңғыстау" телеарнасының директоры (Ақтау қаласы); 2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылдың сәуір айынан бері ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ақтау қалалық мәслихаты VII шақырылымының депутаты болды. ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу