QazCovid-in вакцинасын шығару және пайдалану тәртібі арнайы қаулымен бекітілді

985

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің соңғы қаулысына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

QazCovid-in вакцинасын шығару және пайдалану тәртібі арнайы қаулымен бекітілді

"QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыда. Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады", - делінген қаулыда.

Вакцинасы бар көп дозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адамдар болған кезде ұсынылады.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу