Сонымен қатар байқауға 10 ментор өтінім берді, олар іс-шараның соңына дейін командалардың тәлімгері ретінде бірге жұмыс істейді.
Деректермен жұмыс істеу бойынша құрылған командалар 1 желтоқсанға дейін өз жобаларын әзірлейді. Қатысушыларға кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі және транзакциялық қызметі бойынша деректер ұсынылған. Үздіктер 9 желтоқсанда өтетін байқаудың финалына жолдама алады.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері конкурсты ұйымдастырушылар құрылымында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады. Сондай-ақ, жеңімпаз командаға нақты деректер негізінде жобаны іске асыру мүмкіндігі беріледі.
Конкурс Ұлттық статистика бюросы және Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларын дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған.