QazHome қаржы пирамидасы Атырау облысының 300-ге жуық тұрғынан 49 млн теңгеге алдаған

384

Кооператив қызметіне 296 адам тартылған.

QazHome қаржы пирамидасы Атырау облысының 300-ге жуық тұрғынан 49 млн теңгеге алдаған Фото: inbusiness.kz

Атырауда қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған азаматтар "QazHome" тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырды.

Осы факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Атырау облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды. 

Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу