"QazIndustry" жыл ішінде цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша 12 вебинар өткізді

590

4.0 Индустриясын насихаттау бойынша оқыту іс-шаралары келесі жылы да жалғасын таппақ. 

"QazIndustry"  жыл ішінде цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша 12 вебинар өткізді Фото: profit.kz

Вебинарға қатысуға 414 адам өтініш білдірген, басым бөлігі әртүрлі деңгейдегі басшылық құрам өкілдері, деп хабарлайды inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылым министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Оған еліміздің 18 өңірінен 235-ке жуық өнеркәсіп қызметкерлері қатысқан.  

"Вебинарларға спикер ретінде өндірістік процестерді цифрландыру саласындағы шетелдік және отандық сарапшылар тартылды. Жүргізілген талдау нәтижелері қатысушылар тарапынан цифрлық ойлау, өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық жетілдіру, өндірістегі кайдзен, персоналдың цифрлық құзыреттілігі тақырыптары үлкен қызығушылық тудырғанын көрсетті",-делінген ақпаратта.

Сондай-ақ шара аясында Алматы және Жетісу облыстары мен Алматы және Павлодар қалалары кәсіпорындарының өкілдері үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылған.

"QazIndustry" кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту бағытын дамыту ж"не өнеркәсіп саласындағы білім беру және  ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізеді. 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу