QazInnovations 400 миллион теңгеге дейінгі грантқа конкурс жариялайды

509

Өтінімдер қабылдау 5 маусым мен 10 шілдесі аралығында жүргізіледі.

QazInnovations 400 миллион теңгеге дейінгі грантқа конкурс жариялайды Фото: qazinn.kz

"QazInnovations" Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беруге конкурс басталғаны туралы хабарлайды.

Сомасы 400 миллион теңгеге дейін.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған гранттар оң экономикалық әсер алу мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу, соның ішінде технологиялар трансфертін пайдалану арқылы кәсіпорынды дамыту бойынша технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған.

Шарттар мен талаптар келесі сайтта орналастырылған: https://qazinn.kz/ru/granty/tehnologicheskoe-razvitie

Сұрақтар мен кеңестер:

+7 7756231422, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу