Halyk Bank және Altyn Bank клиенттері Qazkom банкоматында комиссиясыз өздерінің төлем карталарын толықтыру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Халық банктің баспасөз қызметі.
Halyk Bank және Qazkom өз бөлшек клиенттеріне барынша ыңғайлы болу үшін жүйелерді және өнімдерді біріктіру үдерісін жалғастыруда: 1 тамыздан бастап Halyk Bank және Altyn Bank клиенттері үшін Qazkom cash-in функциясы бар банкоматтарында төлем карталарын теңге және АҚШ доллары бойынша толықтыру жаңа қызметі пайда болды, Halyk Bank және Altyn Bank картасын ұстаушылары үшін төлем карталарын толықтыру сәтінде комиссиялар алынбайды. Енді Halyk Bank және Altyn Bank клиенттері Halyk+Qazkom банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан өз карталық шотын толықтыруда ешқандай айырмашылық көрмейді.
2017 жылғы 1 шілдеде Halyk Bank cash-in функциясы бар 559 банкомат орнатса, Qazkom қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар 465 құрылғыны орнатты. Бүкіл Қазақстан бойынша Qazkom+Halyk бірыңғай банкоматтар желісінің құрылғылар саны 4659 қамтиды және еліміздегі әрбір екінші банкомат - Halyk+Qazkom желісі болып табылады.
2017 жылғы 1 шілдедегі көрсеткіштер бойынша Halyk Bank және Altyn Bank шығарған карталар саны – 6 млн төлем карталарынан асты.
Тамыз бойы іске асырылып Halyk Bank cash-in функциясы бар банкоматтар бойынша Qazkom клиенттеріне де осындай ұсыныстардың жасалуы күтілуде.
Halyk Bank, Qazkom және Altyn Bank кіретін Halyk Group ТМД бойынша жеке қаржылық топ ретінде активтер көлемімен 3-ші орынды бастап тұр. Halyk Group - Қазақстандағы жетекші қаржылық топ, бөлшек сауданы қоса алғанда, шағын және орта бизнес, корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару сынды әртүрлі сегменттерде қызмет атқарушы. Halyk Group сондай-ақ Грузия, Қырғызстан және Ресейде қызметтерін ұсынады.