QAZSPORT бокстан Қазақстан чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

1153

QAZSPORT бокстан Қазақстан чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

"QAZSPORT" телеарнасы бокстан Қазақстан біріншілігін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды телеарна.

2017 жылдың  5-12 қараша аралығында Шымкент қаласында бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.  Бұл біріншілікте еліміздің барлық облысы мен Алматы, Астана қалаларының ең үздік былғары қолғап шеберлері жұдырықтасады.

Чемионатқа 2016 жылы WSB жобасындағы "Азияның ең үздік боксшысы" атанған Асланбек Шымбергенов (69 кг), Қазақстан Республикасының бокс шебері, халықаралық турнирлердің жүлдегері Расул Жаңбырбай, 91 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Антон Пинчук және тағы да басқа отандық бокстың үздіктері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу