"QazTechVentures" "500 Startups" V жаһандық қорына қосылады

1065

 Жоба венчурлық қаржыландыру мен инновациялық кәсіпкерліктің дамуына серпін береді, сөйтіп, стартап компанияларды венчурлық капиталмен қамтамасыз етеді. 

"QazTechVentures" "500 Startups" V жаһандық қорына қосылады

Премьер-министр Асқар Мамин АҚШ-қа жұмыс сапары аясында "500 Startups" венчурлық қорының басшысы К. Цаймен келіссөз өткізді, оның қорытындысы бойынша "QazTechVentures" АҚ қазақстандық ұлттық даму институтын "500 Startups" V жаһандық қорына қосу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Бұл құжат болашақта Қазақстанда Тақырыптық венчурлық қор құруды қарастырады. Жоба венчурлық қаржыландыру мен инновациялық кәсіпкерліктің дамуына серпін береді, сөйтіп, стартап компанияларды венчурлық капиталмен қамтамасыз етеді. 

Сондай-ақ, үкімет басшысының  "Bright Sphere Investment Group" (BSIG) инвестициялық тобының қаржы директоры С. Ранмен келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры (KIDF) мен BSIG арасында 2020 жылы Қазақстан аумағында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін бірлескен қор құруда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Айта кетсек, BSIG – жетекші ғаламдық инвестициялық топ, оның басқаруында $200 млрд-тан астам қаржы бар. 7 басқарушы компания арқылы 30 елде жобаларды іске асырады, әлем бойынша 20 кеңсесі және 850 институционалдық және ірі корпоративтік клиенттері бар. 

Қазақстанда инновациялық экожүйені, венчурлық капитал мен стартап жобаларды дамыту мәселелері А. Маминнің "Plug and Play" компаниясының басшылығымен әңгімесі барысында қарастырылды, оның кеңсесін "Astana Hub" алаңында ашу көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу