"QazTrade Accelerator" Қытай компанияларымен 117 млн долларға келісімшарттар жасаспақ

672

Көрші мемлекетпен ынтымақтастық аясында 18 меморандумға қол қойылады деп күтілуде.   

  "QazTrade Accelerator" Қытай компанияларымен 117 млн долларға келісімшарттар жасаспақ

Сауда министрлігі "QazTrade Accelerator" бағдарламасының аралық қорытындысын жариялады. Онлайн-кездесу барысында бизнес өкілдері, жобаны ұйымдастырушылар мен кеңесшілер жобаның мәртебесін және қазақстандық компанияларды Қытай нарығында алға жылжыту бойынша өткізілген іс-шараларды талқылады.

Іс-шараға 35 тамақ өнімдерін өндіруші қатысты.

2020 жылғы 5 қараша мен 9 желтоқсан аралығында акселератор командасы өткізген жұмыстардың қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында 160 онлайн-кездесу өткізілді. 200-ден астам қытайлық компания қазақстандық азық-түлік компанияларымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты, олардың жартысы VooV және WeChat бейне байланысы арқылы онлайн-кездесулер өткізді. Барлық кездесулерді "QazTrade" ССДО" АҚ және PwC акселератор командасының өкілдері ұйымдастырып, өткізді.

Осылайша жуырда жалпы сомасы 117 млн доллар болатын ынтымақтастық туралы 18 меморандумға қол қойылады деп күтілуде. ҚХР-дағы 139 контрагентпен әлеуетті ынтымақтастық шарттары туралы келіссөздерді жалғастыруда.

"Қазіргі уақытта барлық экспорттаушылар үшін ең өзекті мәселе Қытаймен шекараларды жабу мәселесі болып табылады. Екі елдегі ауыр эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шараларға байланысты Қазақстан-Қытай шекарасында автокөлік жиналып, жүк пойыздары мен жүк көліктерін қабылдау қысқартылды. Осы себепті көрші елдегі серіктестергесынақтан өткізу үшін өнім үлгілерін жіберу белгісіз мерзімге кешіктіріледі. Бұл келіссөздердің нәтижесіне әсер етеді және Қытайға экспорттық көлемді одан әрі арттыруға айтарлықтай кедергі жасайтын болады", - деп жазылған Сауда және интеграция министрлігі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, "QazTrade Accelerator" Қазақстан мұндай бағыттағы үшін алғашқы бағдарлама болып табылады. Ол 2020 жылы ҚР СИМ және "QazTrade" ССДО" АҚ бастамасы бойынша пилоттық жоба ретінде іске қосылды.

Бағдарламаға қатысқан 6 ай ішінде қазақстандық өндірушілер халықаралық сарапшылардан жеке кеңесшілерден, оқыту вебинарлары мен экспорттық әлеуетті арттыру бойынша сабақтао алды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу