QazVac авторлары мемлекеттік сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсады

624

Коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдар Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа бағыттады.  

QazVac авторлары мемлекеттік сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсады

"2021 жылғы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына берілді. Сыйақы мөлшері 18 млн 600 мың теңге. Институт ұжымы ол ақшаны қайырымдылыққа бағыттау туралы шешім қабылдады. Бұ қаражат Отар ауылындағы баспанаға мұқтаж тұрғындардың үй сатып алуына жұмсалды", - деп жазылған Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметте.

Ресми мәлімет бойынша, Қордай ауданының қоғам қайраткерлерінің, ақсақалдары мен басшылығының қатысуымен көпбалалы отбасы мен мүгедектер отбасына үй кілттері бүгін табысталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу