QazVac құрамындағы "ухань" штамы "дельта" штамына ауыстырылады – Күнсұлу Закарья

1102

Отандық вакцинаның авторы, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazVac вакцинасының құрамы өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

QazVac құрамындағы "ухань" штамы "дельта" штамына ауыстырылады – Күнсұлу Закарья

"Ел аумағына дельта штамы келген сәттен бастап, үкіметтің тапсырмасына сәйкес оны зерттеуге кірістік. Клиникаға дейін зерттеу жануарларға жүргізілді. QazVac-тың штамдық құрамын өзгерту арқылы жануарларға жүргізілген зерттеу жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми рұқсатын күтіп отырмыз. Болашақта QazVac құрамындағы Ухань штамын Дельта штамына ауыстырамыз.  Зерттеу нәтижесімен танысып, министрлік рұқсат берген жағдайда, QazVac-тың келесі партиясы жаңа құраммен дайындалады", – деді QazVac вакцинаның авторы. 

Бас директордың баяндауынша, QazVac құрамындағы штамды ауыстыруға 
және сынақтан өткізуге 2 ай уақыт жұмсалды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу