"Qazvac", "Sinopharm" және "Спутник Лайт" екпелері ревакцинация үшін қол жетімді

694

Қазақстандықтар 3 екпемен ревакцинация жасай алады, деп хабарлайды Atameken Business.    

"Qazvac", "Sinopharm" және "Спутник Лайт" екпелері ревакцинация үшін қол жетімді

Қайта егілу үшін "QazVac", "Sinopharm" және "Спутник Лайт" препараттары қолжетімді. Мұны санэпидақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова брифингте мәлімдеді. 

Бұған дейін елге біркомпонентті ресейлік "Спутник лайт" екпесінің 150 мың дозасы жеткізілген еді, ол өңірлерге таратылыпты. Sinopharm-ның шамамен 800 мың, ал QazVac-тың 150 мыңдай дозасы бар. Жамбылдағы зауыт отандық вакцинаның ай сайын 500 мың дозасын шығарады. Ол дайын және келесі аптада аймақтарға жеткізіледі.

Ал "Pfizer" вакцинасының елде 2,5 млн-нан астам дозасы бар. Бұған қарамастан америко-германдық препарат бәріне бірдей қолжетімді емес. Неліктен Пфайзермен ақылы түрде егілуге болмайды деген сұраққа Есмағамбетова жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу