QazVac туралы танымал журналдарға мақала жарияланады

822

Бұл туралы вакцинаның авторы, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

QazVac туралы танымал журналдарға мақала жарияланады

Оның сөзінше, отандық вакцина клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінен өтті. 

"9 шілде күні соңғы талдау нәтижесі алынды. Шілденің соңына дейін талдау нәтижесі тағы бір өңделіп, мәліметтердің статистикасы жасалды. Бұл жұмысқа 3 мың адам қатысты. Шілденің соңында клиникалық зерттеудің қорытынды есебі әзірленді. Қазіргі күні қорытынды есеп дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сараптауынан өтіп жатыр", – деді бас директор. 

Күнсұлу Закарьяның мәлімдеуінше, болашақта QazVac вакцинасы туралы танымал журналдарға мақала жарияланады. 

"QazVac-тың үшінші кезеңі бойынша барлық клиникалық зерттеу есебін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мақұлдаған жағдайда біз қазақстандық вакцина туралы көпке танымал журналдарға мақала жариялаймыз. Мақсат – отандық ғылымның жетістігін дәріптеу. Әзірге қандай журнал және мақаланың қай уақытта жарияланатыны белгісіз", – деді отандық вакцинаның авторы. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу