"QazVac" вакцинасы халал сертификатын алды

1026

2 қазанда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық "QazVac" вакцинасына "Халал Даму" ЖШС сертификатын табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының сайтына сілтеме жасап.  

"QazVac" вакцинасы халал сертификатын алды

Бұдан бұрын "QMDB Halal" стандарты бойынша "QazVac" вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, "OtarBioPharm" биофарцевтикалық зауытында "QazVac" вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу