Qnet қаржы пирамидасы басшыларының 28 млн теңгеге жуық мүлкі тәркіленді

540

Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды.

Qnet қаржы пирамидасы басшыларының 28 млн теңгеге жуық мүлкі тәркіленді Фото: inbusiness.kz

"Q-net" қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін "Q-net" қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды. 

Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген. 

Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. 

Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды. 

"Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз", делінген агенттік хабарламасында.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу