Qnet қаржы пирамидасы: Қызылордада үш күдікті қамауға алынды

436

Жәбірленушілер компанияға 840 000 теңге және 1 200 000 теңге көлемінде қаржы салған.

Qnet қаржы пирамидасы: Қызылордада үш күдікті қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Qnet" қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

"Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында "Qnet" компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан", – деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 000 және 1 200 000 теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу