QR код сканерлеу арқылы автобустың нақты келу уақытын көруге болады

263

Ол үшін "Avtobys" мобильді қосымшасын Google Play, App Store немесе AppGallery-ден жүктеп алу қажет. 

QR код сканерлеу арқылы автобустың нақты келу уақытын көруге болады Фото: Inbusiness.kz

Астана аялдамаларында QR коды бар арнайы жапсырмалар қойылып жатыр.

Жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту аясында аялдамаларды цифрландыру жұмыстары басталды, деп жазады inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Енді аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақытын көруге болады.

Қолданбаның басты бетінде QR белгісін басып, аялдамадағы QR кодты сканерлеу керек. Содан кейін қосымшада аялдамадан өтетін маршруттар және олардың болжамды келу уақыты көрсетіледі.

Бүгінде QR кодтары бар жапсырмалар 225 аялдамаға орналастырылды. QR коды бар сызбаларды орналастыру бойынша жұмыс әлі де жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу