Аляскада радардан жоғалып кеткен ұшақ апатқа ұшырағаны белгілі болды

233

АҚШ-тың Аляска штатында Bering Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы радардан жоғалып, кейін апатқа ұшыраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аляскада радардан жоғалып кеткен ұшақ апатқа ұшырағаны белгілі болды Фото: @USCGAlaska / X.com

Апаттан 10 адам (9 жолаушы мен 1 ұшқыш) қаза тапты.

Ұшақ Уналаклит қаласынан Ном қаласына бет алған. Ұшақ Ном қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 54,7 шақырым жерде құлаған.

Оқиғаның нақты себептері әлі белгісіз. Қазіргі таңда апат орнында іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл – АҚШ-тағы соңғы екі апта ішінде болған үшінші әуе апаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу