Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мұндай қара жүйені Рахат Әлиев пен оның жақтастары қалыптастырғанына сенімді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Осындай жағдайлардың көпшілігі қоғамға белгілі. Бірінші, Нұрлан Бимурзин мен Меғдат Калиев бастаған бір топ кәсіпкер құны 170 млн. доллар тұратын ірі бизнесін Ескі Қазақстанның өкілдері қалай тартып алғанын айтты.
Оның ішінде, 7 мұнай базасы мен 96 жанар-жағармай станциясынан тұратын мұнай бизнесін 2003 жылы-ақ тартып алған. Ақпарат құралдарына сенсек, Жарқын Курентаев, Шолпан Каренеева, Асқар Утешев басқа да азаматтар жоғарыда аталған адамның ашкөздігінің құрбаны болған", - деді депутат.
Сонымен бірге, дәл сол топ Қонаев қаласындағы "СТС" сияқты бірнеше демалыс орындары мен Түркістан облысындағы "Алтын-Бұлақ" санаторийін аяусыз тартып алған.
Рейдерлік басып алу арқылы Қ. Сатыбалды мен оның әйеліне тиесілі топ Алматы қаласындағы "Хилтон" отелін өздеріне заңсыз иемденіп алды. Сондай-ақ, Германия азаматы – Роберт Шумахерден ірі құрылыс компаниясы "ҚазГерСтрой" ЖШС-ты "қара" рейдерлік элементтерімен, қауіпсіздік күштерімен басып алды.
"Сондықтан Бас Прокуратура аталған азаматтардың экономикалық мүдделерінің сақатуына нақты қадамдар жасап, олардың мүлкін қайтару жөнінде жұмыс жасауы тиіс!" - деп қорытындылады депутат.