Рахат Тұрлыханов тағы да отбасылық жанжалға байланысты полицияға жеткізілді

118

Алматыда бұрынғы әнші Рахат Тұрлыхановтың аты тағы да отбасылық жанжалға байланысты дау ортасында аталды.  

Рахат Тұрлыханов тағы да отбасылық жанжалға байланысты полицияға жеткізілді Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында оның жұбайына қол көтерді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу ауданында болған отбасылық жанжал туралы хабарлама түскен соң полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Кейін жанжалға қатысқан тараптар жағдайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Бастапқыда әйел адам өзіне күш қолданылғанын айтқанымен, кейін бұл мәлімдемесін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз түсірген.

Полицияның хабарлауынша, істі қарау нәтижесінде ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі ("Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу