"Рахаттың" акциясын кореялық компания сатып алды

1240

Lotte Confectionery Co., LTD компаниясы "Рахаттың" 112 375 жай акциясын сатып алуға 2,273 млрд теңге жұмсады.

"Рахаттың" акциясын кореялық компания сатып алды

Кореялық Lotte Confectionery Co., LTD кондитерлік компаниясы "Рахат" акционерлік қоғамының 112 375 жай акциясын 2,273 млрд теңгеге сатып алды. Бұл туралы KASE-нің ресми сайтында жарияланды.

"Кондитерлік өнімдер шығаратын "Рахат" компаниясының жай акциялары Қазақстан қор биржасында 2019 жылдың 21 қаңтары мен 26 ақпаны аралығында сатылды. Сатылымға 112 375 жай акция шығарылды. Бағалы қағаздың әрқайсысы 20 228,00 теңгеге бағаланды", – делінген KASE-нің ресми сайтында. 

Ал сәл ертеректе Lotte Confectionery Co., LTD "Рахат" акцияларының 92,44 пайызын сатып алғандығы хабарланған еді. Бұл акциялар бұған дейін "ЛОТТЕ КОРПОРАЦИЯ" акционерлік қоғамына тиесілі еді.

Еске сала кетейік, "Рахат" АҚ кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады. Оның өнімдері отандық нарықта кеңінен танымал.

Ал Lotte Confectionery Co., LTD кондитерлік компаниясының штаб-пәтері Сеулде орналасқан. Компания 1967 жылы құрылған. Lotte Confectionery Co., LTD әлемдегі сағыз өндірісі бойынша ірі үш өндірушінің қатарына енген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу