Рахым Ошақбаев ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды

1207

Ішкі істер министрлігінде ведомство жанындағы жаңартылған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.  

Рахым Ошақбаев ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды

Марат Ахметжанов жаңартылған Қоғамдық кеңестің, сондай-ақ жалпы ішкі істер органдары жүйесінің алдында түбегейлі жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті. Ең бастысы – қоғамдық сенім мен азаматтардың қолдауын қамтамасыз ету, полиция мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімді серіктестік моделін қалыптастыру.

Кездесу барысында Кеңес төрағасын сайлау үшін ашық дауыс беру өтті. Төраға болып "TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы" қорының директоры Рахым Ошақбаев сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу