"RaiM мен Erke тенденциясынан шошимын": Айгерім Есенәлі әпкесіндей әйелдерге ұсыныс айту көбейгенін айтады

3367

Айгерім Есенәлі өзінен 5 жас кіші тележүргізуші Әнуарбек Жәлелге тұрмысқа шыққан болатын. 

"RaiM мен Erke тенденциясынан шошимын": Айгерім Есенәлі әпкесіндей әйелдерге ұсыныс айту көбейгенін айтады Фото: коллаж inbusiness.kz

Белгілі журналист, продюсер Әйгерім Есенәлі отбасын құрмаған бозбала мен бойжеткендерге кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тележурналист оқырмандарымен сырласып,  “Райм мен Еркенің жолын көрмедік пе?" деген сұрағына кеңінен тоқталып жауап берді. 

“Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасы, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады. Отбасын құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба?", – деп жауап жазды медиа маманы. 

Сондай-ақ жеке өміріне де тоқталып, ажырасқаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін де айтып берді. 

“Мен ажырасқаныммен, отбасы институтының қадір-қасиеті санамда төмендеген жоқ. Біздің қоғам тек көңілі тоқ, сана-сезімі шекарасыз, адами қасиеттері мықты, отансүйгіш азаматтарымен мықты. Бұл ретте отбасы беріктігінің маңызын барлығымыз жақсы түсінеміз. Жеке тәжірибеме қарамастан, жалпы адами құндылықтарға көзқарасым сол қалпы”, – деп жауап берді журналист. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу