Райм мен Артур неге тарқады: Әнші +18 суретке бола күйзеліске ұшырағанын айтты

2666

Райм мен Артур бойзбенді неге ыдырап кеткенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Райм мен Артур неге тарқады: Әнші +18 суретке бола күйзеліске ұшырағанын айтты Фото: inbusiness.kz

Артур жуырда баспасөзге берген сұхбатында танымал бойзбендтің ыдырауының бірнеше себебіне тоқтала келе, өзінің ауыр күйзеліске ұшырағаны туралы әңгімеледі.

Оның айтуынша, эротикалық сипаттағы жалған фотосурет кең таралып, көпшілік әншіні айыптаған.

"4 жыл бұрын Қырғызстан азаматы мен азаматшысы интернетке видео салады. 18+ деп айтайық. Екі қырғызстандық. Бір кездері роликті скриндеп уотсаптан Артур деп тарап кетеді. Артурдың істегендерін қараңдар деп. Видеода болған нәрсені білмей-ақ қойыңыздар. Тікелей эфирде, барлық жерден қандай қоңырау шалынбады. Концертке шыққанда да соны айтып, алдымнан шыға берді. Депрессияға шалдығып, басымның бес жерінен шашым түсті", - деп еске алады әнші.

Осы оқиғадан соң күйзелісті жеңе алмаған Артур тез салмақ қосып, ішімдікке әуес болған. Осының кесірінен тәп-тәуір танылып келе жатқан музыкалық топ екіге айырылған. Ақыры Артур Шымкентке қоныс аударып, болашақ жарына ұсыныс жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу